Павлодарда «пәтерлерін» жалға берген алаяқ анықталды
Павлодадарда «пәтерлерін» жалға берген алаяқ анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақпараттандыру және байланыс саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрес шараларының тиімділігін арттыру мақсатында ағымдағы жылдың 7-9 ақпан аралығында Павлодар облысының аумағында «Anti-fraud» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді. Нәтижесінде жедел қызметкерлер ақпараттық желілерді пайдаланушыларға қатысты жасалған алаяқтықтың 20 фактісін ашты.
– Мысалы, Кrishа.kz сайтында пәтерді тапсыру туралы жалған хабарландыруларды орналастырған ер адам анықталып, ұсталды. Қоңырау шалушыларға «риэлтор» басқа адамдар тұрғын үйді жалға алмақшы екенін айтып, бірақ егер шұғыл түрде алдын-ала төлем жасасаңыз, онда пәтер сізге тапсырылады деп хабарлаған. Алаяқтық туралы білмей, азаматтар қажетті соманы аударған. Осыдан кейін пәтердің «иесінің» телефон нөмірі қолжетімсіз болған, – деп хабарлайды Павлодар облысы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Балғабай Қапаров.
Павлодарлық жедел уәкілдер өтініште көрсетілген тұлғалардың хабарсыз және келісімінсіз жеке мәліметтерді, сондай-ақ фотосуреттерді пайдалана отырып, банк сайтында онлайн несие алуға өтініш толтырған тағы бір азаматты ұстады. Үш павлодарлық алаяқтың айла-амалдарына тап болған.
Балғабай Қапаров жедел уәкілдер олардың басқа да өңірлерде жасалған алаяқтыққа қатысы барын анықтап жатқанын атап өтті.