Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда “пәтерлерін” жалға берген алаяқ анықталды

Павлодадарда “пәтерлерін” жалға берген алаяқ анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақпараттандыру және байланыс саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрес шараларының тиімділігін арттыру мақсатында ағымдағы жылдың 7-9 ақпан аралығында Павлодар облысының аумағында “Anti-fraud” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді. Нәтижесінде жедел қызметкерлер ақпараттық желілерді пайдаланушыларға қатысты жасалған алаяқтықтың 20 фактісін ашты.

– Мысалы, Кrishа.kz сайтында пәтерді тапсыру туралы жалған хабарландыруларды орналастырған ер адам анықталып, ұсталды. Қоңырау шалушыларға “риэлтор” басқа адамдар тұрғын үйді жалға алмақшы екенін айтып, бірақ егер шұғыл түрде алдын-ала төлем жасасаңыз, онда пәтер сізге тапсырылады деп хабарлаған. Алаяқтық туралы білмей, азаматтар қажетті соманы аударған. Осыдан кейін пәтердің “иесінің” телефон нөмірі қолжетімсіз болған, – деп хабарлайды Павлодар облысы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Балғабай Қапаров.

Павлодарлық жедел уәкілдер өтініште көрсетілген тұлғалардың хабарсыз және келісімінсіз жеке мәліметтерді, сондай-ақ фотосуреттерді пайдалана отырып, банк сайтында онлайн несие алуға өтініш толтырған тағы бір азаматты ұстады. Үш павлодарлық алаяқтың айла-амалдарына тап болған.

Балғабай Қапаров жедел уәкілдер олардың басқа да өңірлерде жасалған алаяқтыққа қатысы барын анықтап жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру