Жамбылдық полицейлер ауқымды түнгі рейдтер жүргізді
Жамбылдық полицейлер ауқымды түнгі рейдтер жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жол-көлік оқиғаларының санын азайту, жол қозғалысы ережелерін бұзуды болдырмау, сондай-ақ есепте тұратын тұлғалар тарапынан жасалған қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Қаратау қаласының аумағында жергілікті іс-шарасы жүргізілді.
Талас аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бекітілген аумақтарды патрульдеу жұмыстары жүргізілді, көлік жүргізушілеріне, сонымен қатар жаяу жүргіншілерге жолдарда қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жол қозғалысы ережесін бұзған бірқатар жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ тұрғылықты жері мен жұмыс орны бойынша ішкі істер органдарында есепте тұрған 36 адам тексерумен қамтылды. Әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында жауапты тұлғалармен профилактикалық сипатта әңгімелесу жүргізіліп, жазаны өтеу тәртібі түсіндірілді.
Сонымен қатар, полиция бөліміне белгіленген тұрғылықты жері жоқ 10 адамды текссеруге алып келіп, кейіннен арнайы есепке қою үшін саусақ таңбалары алынып, суретке түсірілді.
Рейдтік іс-шараның бірінші күнінде Талас ауданының полиция қызметкерлері 54 құқық бұзушылықты анықтады және 5 көлік айып тұрағына қойылды.