Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу полицейлері мен банк өкілдері интернет-алаяқтыққа қарсы күрес мәселелерін талқылады

Жетісу полициясы мен еліміздің жетекші банктерінің өкілдері интернет-алаяқтыққа қарсы күрес мәселелерін талқылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

полицияның бастамасымен ZOOM режимінде өткен кездесу барысында тараптар интернет-алаяқтықтың алдын алу және оған қарсы күрес мәселелерін талқылады. Іс-шараға еліміздің 9 жетекші банкінің өкілдері қатысты, оларға құқық қорғау органдары аймақта тіркелген алаяқтыққа байланысты қылмыстардың статистикасын ұсынды. Қылмыстың алдын алуға, ашуға және тергеуге көмектесетін бірқатар ұсыныстар жасалды.

– Соңғы уақытта интернетті, әлеуметтік желілерді және түрлі күмәнді қосымшаларды пайдалана отырып, алаяқтық жағдайлары жиілеп кеткенін мойындауымыз керек. Өткен жылдың өзінде біздің өңірдің тұрғындарына келтірілген залал 500 млн.теңгені құрады. Биылғы жылы 32 факті тіркелді. Соңғы үш күнде 14 күдікті ұсталды. Бұндай қылмыстардың ашылуына банктер едәуір көмек көрсетер еді, міне солармен өзара әрекет ету мәселелері талқыланды, – деп хабарлады облыс ПД КПБ бастығының орынбасары Лариса Кан.

Құқық қорғау органдарының ұсыныстары кейбір банктік процедураларды қатаң қадағалауға қатысты болды, бұл алаяқтарды анықтау және жедел ақпарат алмасу жұмысын жеңілдетер еді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру