Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да тергеу изоляторына телефонды бал контейнеріне салып кіргізбек болған

ШҚО-да тергеу изоляторына телефонды бал контейнеріне салып кіргізбек болған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

№73 мекемесінде түскі уақыт шамасында сәлемдемені тексеру кезінде мекеме қызметкерлері бал құйылған контейнерде күмәнді заттың бар екенін анықтаған.

Тексеру кезінде балдың ішінен пакетке оралған ұялы телефон табылған.

Сәлемдемені тергеу изоляторыныда отырған тергеудегі азаматқа жақын туысы алып келген. Ол асыра ойластырған айласымен тергеу изоляторына еш қиындықсыз хабарласып отыру үшін телефонды балдың ішіне тығып кіргізіп жібермек болған.

– Аталған дерекке қатысты КР ӘҚБтК-нің 481 бабы 1-ші бөлігімен (Қылмыстық-атқару жүйесiнің мекемелерiнде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру) материал жинақталды. Алдағы уақытта Өскемен қаласының тұрғыны бұл іс әрекеті үшін жауапқа тартылатын болады, – деді тәртіп және күзет бөлімінің бастығы Бекболданов Серік

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру