Жетісу облысының тұрғыны мобильді банкинг қосымшалары арқылы алаяқтық жасаған
Жаркент қаласының тұрғыны мобильді банкинг қосымшалары арқылы алаяқтық жасаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бір күн бұрын аудандық полицияға бес дүкеннің сатушылары алаяқтық фактілері бойынша арыз жазды. Белгілі болғандай, жас қыз тауарды алу кезінде мобильді банкинг қосымшалары арқылы ақша төлеген, тіпті сатушыларға төлем туралы SMS-хабарламаларды көрсеткен. Алайда, соңында есепшотқа ақша аударылмаған.
– Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер күдіктіні анықтады, ол 19 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.
Тіркелген фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабына (Алаяқтық) сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
Тергеу аясында ұсталған қыздың басқа да эпизодтарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Осы уақытқа дейін келтірілген шығын 135 мың теңгені құрап отыр, – дейді Жетісу облысы ПД КПБ басшысы Кайрат Журунов.