Абай облысында өзгенің атынан несие рәсімдеген алаяқ құрықталды
Абай облысында 4 млн теңгеден астам сомаға өзгенің атынан несие рәсімдеген алаяқ құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 7 ақпанында «Аnti-fraud» ЖПІШ өткізу барысында Абай облысы полиция департаментінің қызметкерлері бір адамға 4 млн теңгеден астам несие ресімдеген алаяқты ұстады.
2022 жылғы 18 желтоқсанда полицияға Жарма ауданының 57 жастағы тұрғыны жүгігініп, белгісіз адам өзінің дербес деректерін пайдаланып, мобильді қосымша арқылы 4 млн теңгеден астам сомаға түрлі банктерден онлайн-кредиттер ресімдегенін хабарлады.
Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында тәртіп сақшылары 32 жастағы алаяқты ұстады, ол өз кінәсін толық мойындады. Анықталғандай, күдікті қаражатты өз қажеттіліктеріне жұмсап тастаған.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.