Атырау облысында мал ұрлаған күдіктілер ұсталды
Атырау облысында мал ұрлаған күдіктілер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
19 ақпан күні Қызылқоға ауданы Тасшағыл ауылының 58 жастағы 1 бас сиыр малының және 45 жастағы тұрғыны 1 бас сиыры ұрланды деп арызданған. Аталған дерек бойынша 19 ақпан күні ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі-2 тармағымен сотқа дейінгі тергеп тексеру басталды.
Аталған факті бойынша тексеру кезінде Атырау қаласындағы мал сою бекетінен 4 бас сиыр малының бас терісімен еті табылып заттай дәлелдеме ретінде алынып, аталған малды ұрлап тасымалдаған 37 жастағы күдікті ұсталып, Қызылқоға ауданы ПБ уақытша ұстау орнына қамауға алынды.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.