Павлодардық полицейлер 6 мыңнан астам ЖҚЕ бұзушылықты анықтады
Павлодардық полицейлер 6 мыңнан астам ЖҚЕ бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар қаласының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері бір айда жол қозғалысы ережелерін алты мыңнан астам бұзушылықты анықтады.
– Автокөлікті мас күйде басқару, қарсы қозғалыс жолағына шығу– мұның бәрі жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу болып табылады, оларды сақтамау ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Сондай-ақ павлодарлық жүргізушілер арасында фаралардағы шамдарды ксенон немесе басқа түрлермен алмастырады. Бұл да заң бұзушылық, – деп түсіндірді ППБ командирі Айдар Сламбеков.
Мас күйінде автокөлікті басқарғаны үшін 131 жүргізуші ұсталды. Қауіпсіздік белдігін елемегендер саны – 549, жаяу жүргіншілер өткелдерінде жаяу жүргіншілерге жол беру талаптарын орындамауға байланысты 485 бұзушылық анықталды, бағдаршамның тыйым салу сигналына өткен 207 жүргізуші анықталды.
Мысалы, Циолковский көшесінің бойында полиция қызметкерлері ВАЗ-2114 автокөлігінде апаттық дабыл қосылған.
Тексеру кезінде жүргізушінің көлік құралын басқаруға құқығы жоқ екені анықталды және ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 2-бөлімі (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы) бойынша тартылды.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 4-бөлімі (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Павлодар қаласының полиция басқармасы жүргізушілерге жол қозғалысының басқа да қатысушыларына, әсіресе балалар мен жаяу жүргіншілерге қатысты әрқашан сақ болуға шақырады.