Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Электротехниканы жөндеу маманы астаналықтарды алдап кеткен

Электротехниканы жөндеу маманы астаналықтарды алдап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қала тұрғыны полицияға шағыммен жүгініп, техника жөндеу шеберінің құрбаны болғанын хабарлады. Жігіттің айтуынша, өткен жылдың қазан айында ол бұзылған теледидарды шеберханаға тапсырған. Шебермен шарттарды талқылап, жәбірленуші 98 мың теңге көлемінде алдын ала төлем жасаған. Алайда маман тапсырысты орындамай, ақшамен бірге жоғалып кеткен.

Басқа бір жағдайда жалған маман клиенттің 46 мың теңге сомасында ақшасын және құны 100 мың теңге болатын Сигма маркалы объективін иемденген. Осылайша, ол 12-ден астам азаматты алдаған, жәбірленушілердің арыздары полицияға түсуі жалғасып жатыр.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқтыққа қатысы бар қаланың 36 жастағы тұрғынын анықтады. Ер адам бұрын техниканы жөндеу шебері болып жұмыс істегені белгілі болды. Ол басқа адамдардың техникасын кездейсоқ адамдарға сатқан, ломбардтарға өткізген. Заттай дәлелдемелерді полиция қызметкерлері ішінара тәркіледі.

Астаналыққа қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оның елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру