Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының тұрғындары 916 келі балықты заңсыз аулады деген күдікке ілінді

Павлодар облысының полицейлері 916 келі балықты заңсыз аулаған Алматы облысының тұрғындарын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысының полицейлері Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу мақсатында тұрақты негізде рейдтік іс-шаралар жүргізеді. Кезекті рейдтік іс-шара барысында табиғатты қорғау полицейлері Зайсан-Ертіс балық аулау инспекциясының қызметкерлерімен бірлесіп Май ауданы Жұмыскер ауылының аумағында Nissan terano көлігін тоқтатты.

– Тексеру кезінде автокөліктің салонында жалпы салмағы 916 келі сазан және мөңке тұқымды балық толы қаптар табылды. Қарасор көлінде балық ауланғаны анықталды, – деді Павлодар облысы Май ауданы полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Жандос Айтмұхамбетов.

Осы факт бойынша Алматы облысының Қапшағай қаласының 40 жастағы тұрғынына қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 335-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұзушылық осы жылдың 15 сәуірінде Павлодар облысының аумағында басталған «Уылдырық шашу» жедел алдын алу іс-шарасы барысында анықталды. Полиция браконьерлік пен биологиялық ресурстар объектілерінің заңсыз айналымын анықтауға және жолын кесуге бағытталған іс-шара 2023 жылғы 30 мамырға дейін жалғасатынын еске салды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру