Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының ЖҚАЖ қызметкерлері Азия чемпионатына жолдама алды

Павлодарлық облысының полицейлері самбодан Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысып, жүлделі орындарға ие болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Спорттық жарыс Абай облысының Семей қаласында өтіп, еліміздің барлық өңірлерінен мықты полицейлерді жинады. 400-ден астам спортшы 7 салмақ дәрежесінде қатысып, күрескен. Павлодар полицейлері де тамаша нәтиже көрсетті.

Павлодар облысы ПД ЖҚАЖ командирі Руслан Каңтарбаев 98 келі салмақ дәрежесінде чемпион атанды, осы чемпионаттағы жеңісінің арқасында Руслан маусым айында Астана қаласында өтетін Азия чемпионатына жолдама алды. Ол өткен жылы самбодан ҚР чемпионатының күміс жүлдегері, самбо мен джиу-джитсудан ІІМ чемпионаттары мен жарыстарының бірнеше дүркін жүлдегері, Қазақстан Республикасының спорт шебері. Ішкі істер органдарында 2005 жылдан бастап қызмет етеді.

Павлодар облысы ПД ЖҚАЖ қызметкері Нұрлан Тоскарин 79 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіске жетті. Ол – ҚР спорт шебері, халықаралық чемпионаттардың жүлдегері атанды. Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері медальдармен және дипломдармен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру