Талдықорғандық полицей қызметтік иттің көмегімен ұрлықты ашты
Талдықорғандық полицей Баронның көмегімен ұрлықты ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
25 мамыр күні Талдықорған қаласының полиция қызметкерлеріне Алдабергенов көшесіндегі жеке үйлердің бірінде ұрлық болғаны туралы арыз түсті. Тергеу тобының құрамында кинолог Сергей Черкасов және оның Барон есімді қызметтік иті болды. Оқиға орнында үй иесінен қымбат су сорғышын ұрлап кеткені белгілі болды. Барон қылмыс орнында ізді алып, сол ізбен Уәлиханов көшесіндегі бірнеше үйден кейін басқа жеке үйге алып келген.
Полицейлер сол жерде 35 жастағы күдіктіні ұстады. Ұрланған су сорғыш заңды иесіне қайтарылды.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабында (Ұрлық) көзделген тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Оның барысында ұсталғанға қатысты ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылды.
Жыл басынан бері полицияның кинологиялық қызметінің иттерімен бірге 500-ден астам қоңырау бойынша қызмет көрсетіп, 60-қа жуық қылмыстың ашылуына ықпал етті. Оның ішінде бір кісі өлтіру, сонымен қатар есірткі қылмыстары мен ұрлық деректері бар.