Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетау полицейлері автокөліктің салонынан болжам бойынша есірткі затының 23 бумасын тәркіледі

Көкшетау полицейлері автокөліктің салонынан болжам бойынша есірткі затының 23 бумасын тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түнгі рейд барысында Көкшетау қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері күдікті автокөлікке назар аударған. Нәтижесінде бірнеше минуттан кейін Абай-Темірбеков көшелерінің қиылысында Chevrolet автокөлігін тоқтатқан.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, рөлде 28 жастағы ер адам болған. Одан басқа көлікте 28 жастағы жолаушы болған. Құжаттарды тексеру кезінде жүргізуші мен жолаушы өздерінің мінез-құлқына күдік туғызып, полицейлер көлікті тінту туралы шешім қабылдаған. Нәтижесінде ақ түсті ұнтақ заты бар, консистенциясы тұзға ұқсас, өзіне тән иісі бар 23 полиэтилен пакет тәркіленді.


Аталған дерек ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігі бойынша (Өткізу мақсатынсыз есірткі құралдарымен, психотроптық заттармен, олардың аналогтарымен заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

Тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру