Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада футбол алаңдарынан бірнеше мәрте телефон ұрлаған азамат ұсталды

Астанада футбол алаңдарынан бірнеше мәрте телефон ұрлаған азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері футбол алаңдарында жасалған ұрлықтарға қатысы бар 21 жастағы астаналықты ұстады.

Жас жігіттің бір ай ішінде жасалған, футбол алаңдарынан телефондарды ұрлаудың 4 дерегіне қатысы бар екендігі анықталды.

Жасөспірімдер аулаларда футбол ойнап жүргенде, ол қараусыз қалған заттарды байқап, бөтеннің смартфондарын алып кеткен.

Б.Момышұлы даңғылындағы футбол алаңында қаскүнем рюкзактан құны 110 мың теңге тұратын HUAWEI P20 lite телефонын ұрлап кеткен. Кейін ол ұрланған телефондарды ломбардтар мен сатып алушыларға сатқан.

Ұрлықтың барлық деректері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жас жігіт ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Полиция қызметкерлері ата-аналарға жүгініп, балалардың қоғамдық орындарда гаджеттерді пайдаланған кездегі қауіпсіздік шараларын еске салады. Құқыққа қайшы әрекеттер болған жағдайда полицияға «102» арнасына дереу хабарлау қажеттігін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру