Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция Сәтбаев тұрғынының 7,6 млн теңгеден астам қаражатын иемденген банктің «қызметкерін» іздестіріп жатыр

Ұлытау облысы Сәтбаев қаласының полиция бөліміне 37 жастағы қала тұрғыны жазбаша өтініш білдірді. Жәбірленуші әйелге белгісіз адам хабарласып, телефон арқылы сөйлесіп, сенімге кіріп, телефон арқылы 7 млн 647 мың теңге көлемінде қаражатын иемденген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жәбірленуші үйде болған кезде, белгісіз біреу ұялы телефонына қоңырау шалған. Телефон арқылы сөйлесу кезінде өзін банктердің бірінің қызметкері ретінде таныстырып және қауіпсіздік үшін «Any desk» қосымшасын жүктеуді сұраған. Белгісіз адамның айтқанын бұлжытпай орындаған жәбірленуші әйел сол мезетте банктердің бірінен оған онлайн несие берілгендігі туралы біледі. Оны жою үшін сол банктен несиені қайта алу қажеттігін айтқан. Алаяқтың арбауына түскен әйел 4 млн 747 млн теңге ресімдеген кезде, ақша дереу белгісіз шотқа аударылған. Содан кейін белгісіз адамның «кеңесі» бойынша әйел басқа банктен 2 млн 900 мың теңге сомасына несие алған. Ақшасы белгісіз біреуге аударылған кезде, телефонмен сөйлескен адам бірден байланысты үзген.

Алаяқтың айласына түскенін білген жәбірленуші полицияға жүгінді.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Қазіргі уақытта белгісіз адамның жеке басын және орналасқан жерін анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру