Полицейлер велосипед ұрлады деген күдікпен елордалық азаматты ұстады
Полицияға қала тұрғыны арызбен жүгініп, құны 130 мың теңге тұратын велосипедінің ұрланғаны туралы хабарлаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тергеу барысында 26 жастағы жігіттің күндізгі уақытта Ұлы дала даңғылындағы тұрғын үйдің ауласында тұрған Trinx маркалы велосипедті байқағаны анықталды. Күдікті жан-жағына мұқият қарап, куәгерлердің жоқтығын пайдаланып, велосипедті ұрлап кеткен.
Аталған деректі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталған жігіт мойындау көрсетпелерін берді. Оның елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.
Астана қаласының полиция департаменті велосипед ұрлығының жиілеп кеткені туралы ескертеді және келесі қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:
– велосипед рамаларын белгілеңіз (айрықша белгілерін қойыңыз);
– велосипедтерді кіреберістерде (домофон орнатылған болса да), дүкендер мен саябақтардың жанында қараусыз қалдырмаңыз;
– сенімді велосипед құлыптарын қолданыңыз (мүмкіндігінше U-құлыптары).
Полиция көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе өткізу ҚР ҚК-нің 196-бабында (Көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктiиемдену немесе өткізу) көзделген қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын еске салады.