Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай полицейлері денсаулық марафонын өткізді

Мұндай науқан Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері балалар аула клубтарымен бірлесіп ұйымдастырды. Оның көмегімен тәртіп сақшылары жастарды салауатты өмір салтын ұстануға және жаман әдеттерден аулақ болуға шақырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Науқан барысында барысында спорттық жарыстар, командалар арасындағы конкурстар, сондай-ақ би флеш-мобтары ұйымдастырылды.

Қостанай қаласының Аула клубтарының тәрбиеленушілері арасында спорттық эстафета өтті.
Эстафетаға қатысушылар екі командаға бөлініп, әртүрлі спорттық жарыстарда бақ сынасты. Сонымен қатар күш, жылдамдық, ептілік пен төзімділіктің физикалық қасиеттерін көрсетті. Жарыста жеңіске жету үшін қажетті командалық рухты шыңдады. Жігіттер олардың қайсысы ең күшті, епті, жылдам, төзімді екенін анықтап қана қоймай, денсаулық, сергектік пен жақсы көңіл-күйге ие болды.

– Бұл іс-шараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау және жастар ортасында жағымсыз құбылыстармен күресу. Алдымен біз жалпы қыздыру жаттығуларын жасадық, содан кейін қатысушылар күштерді, фитнес пен ептілікті тексеру үшін бірнеше сынақтардан өтті. Айта кету керек, барлық балалар жақсы дайындалып, тапсырмаларды ойдағыдай орындады, – деп атап өтті ЕҚҚІҚБ аға жедел уәкілі Айгүл Ерадилова.

Науқан қорытындысы бойынша барлық командалар грамоталармен, “Есірткіге жол жоқ” жазуы бар бас киімдермен марапатталды, сондай-ақ әрбір қатысушыға бағалы сыйлықтар табысталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру