Семейде жалға алған ойын приставкасын ломбардқа өткізіп жіберген азамат құрықталды
Семейде жалға алған ойын приставкасын ломбардқа өткізіп жіберген азамат құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
8 маусым күні Семей қаласы ПБ «102» арнасына қаланың 35 жастағы тұрғыны жүгініп, ол 11 сәуір күні тегін хабарландыру сайтында ойын приставкасын жалға аламын деген бейтаныс адам хабарласқанын, сеніміне кірген соң, құны 450 мың тұратын PlayStation-4 PRO ойын приставкасын иемденіп алғанын айтқан.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция бөліміне күдікке ілінген облыс орталығының 20 жастағы жұмыссыз тұрғыны жеткізілді. Тергеу барысында күдікті өзінің кінәсін мойындап, қаржылық қиындықтарға байланысты мүлікті ломбардқа тапсырғанын айтты.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.