Абай облысында халықты 230 млн теңгеге сан соқтырған енесі мен келіні 5 жылға бас бостандығынан айырылды
Абай облысында пирамидалық схеманы жасап, іске асырған енесі мен келіні жазаларын өтеу үшін қауіпсіздігі төмен мекемесіне жіберілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2020 жылы А. есімді бикеште аса ірі көлемде кіріс алу жөніндегі қызметті ұйымдастыруға бағытталған қылмыстық ниет пайда болған. Осы мақсатта А. қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және басқару бойынша қылмыстық іс-қимыл жоспарын әзірлеп, оған келінін тартқан. Тағайындалған рөлге сәйкес Е. есімді келіні салымшыларды тартуға, олардың тізімін қалыптастыруға, сақтауға міндетті болған. Жиналған қаражаттың және оларды қайта бөлудің есебін жүргізген.
2020 жылы олар WhatsApp және Telegram мобильді мессенджерлерінде чат құрып, онда инвесторларды тарту үшін келесі маркетинг түрінде ақпаратты орналастырған.
А. және Е. есімді ханымдар қаржы пирамидасына қатысушыларды қалыптастыру үшін көрсетілген мессенджерлерде депозиттер сомасын және қолма-қол ақшалай төлемдер сомасын анықтау үшін «жәшіктерді» құру арқылы ұйымдастырған.
Жалпы А. және Е. есімді ханымдар 2020 жылдың қаңтар-шілде айлары аралығында, өз мақсаттарына жету үшін жәбірленушілерден өздері құрған және басқаратын қаржы пирамидасына жалпы сомасы 230 млнға жуық теңге, яғни аса ірі көлемде қаражат тартқан.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде сот оларды кінәлі деп танып, азаматшаларды ҚР ҚК-нің 217-бабында көзделген және әрқайсысына азаматтардың қаражаты мен инвестицияларды тарту жөніндегі қызметпен айналысу құқығынан 5 жыл мерзімге айыра отырып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруды кесті.
Ендігі олар қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі ең төменгі мекемесінде жазасын өтемек.