Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО ПД бастығы жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен әріптесі – Дамир Серіковке барып қайтты

ШҚО полиция департаментінің бастығы Ерлан Омарбеков жеке құрамның қолдау сөздерін жеткізіп, Дамир Серіковті кәсіби мерекемен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкері 2019 жылы көше қиылысында жол қозғалысын реттеу кезінде орын алған жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен.

Алған жарақаттары салдарынан ер азамат полицияда қызметін жалғастыра алмаған. Әріптестері Дамир Серіковті әрдайым қолдайды.

Бүгін Шығыс Қазақстан облысы ПД бастығы Ерлан Омарбеков Дамир Серіковті Қазақстан полициясы күнімен құттықтап, полиция қызметкерлері денсаулығын, кейде тіпті өмірін құрбан етіп, әрқашан тәуекелге баруға дайын болатындықтарымен ерекшеленетінін атап өтті.

– Менің күйеуім үшін әріптестерімен қатар сапта тұрмаса да, олармен бірге болу маңызды, – деп атап өтті жұбайы Балжан Серікова.

Серіковтар отбасы ПД басшылығы мен жеке құрамына көрсеткен қолдаулары мен ыстық ілтипаттары үшін алғыс айтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру