Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетауда есірткі қойып кетуші қолға түсті

Көкшетауда синтетикалық есірткіні жасырын қойып кетуші ұсталды. Полицейлер тінту кезінде мефедрон салынған 30 түйілген полиэтиленді пакет тауып, тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

23 маусымда «Қарасора – 2023» жедел алдын алу іс-шарасы шеңберінде есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл құрылымының қызметкерлері синтетикалық есірткіні сақтады деген күдікпен Көкшетау қаласындағы аулалардың бірінде 37 жастағы азаматты ұстады.

Тергеу іс-шараларын жүргізу кезінде полицейлер ер адамнан мефедронға ұқсас ұнтақ тәріздес консистенциялы 30 түйілген полиэтилен пакетті тауып, тәркіледі. Алынған заттың нақты құрамы мен салмағын сараптама анықтайды.

Болжамға сәйкес, ұсталған тұлға біраз уақыттан бері Көкшетау қаласының аумағында синтетикалық есірткі затын таратумен айналысқан және ұсталған күні де сол заңсыз кәсібін жүзеге асыруға тырысқан.

Осы фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 264-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Баптың санкциясына сәйкес ұсталған қала тұрғыны үш жылдан бастап жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру