Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда есірткіні жарнамалаған жұп қамауға алынды

Алматыда есірткіні жарнамалаған жұп қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ер адам мен әйелдің қылмыстық әрекеті өтіп бара жатқандардың назарына ілікті, олар бұл туралы әлеуметтік желі арқылы хабарлаған.

 

– Олардың жеке басы бірден анықталды. Бұлар бұрын істі болған – 39 жастағы П. есімді азамат пен 28 жастағы К. есімді азамат. Қазір олар ұсталды және сот санкциясымен қамауға алынды. Олардың әрекеті ҚР ҚК-нің 299-1-бабы 2-бөлігі (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау) бойынша мүлкін тәркілеумен үш жылдан алты жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады, – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Е.Ысқақов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру