Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО ПД бастығы “Сергек” компаниясының өкілдерімен кездесті

Департамент бастығы Ерлан Омарбеков “Сергек” компаниясының өкілдерімен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараптар жол қауіпсіздігі мен жол жүрісі қағидаларын бұзушылықтарды анықтау және түрлі қылмыстарды ашуда бейнетіркеу камераларының тиімділігін талқылады.

Автокөлік паркінің кеңінен өсуі, елді мекендердің қарқынды дамуы облыс қалаларын дамытудың бас жоспарларына өзгерістер енгізуді ғана емес, жол және қоғамдық қауіпсіздіктің жай-күйін бақылаудың заманауи әдістерін қолдануды талап етеді.

“Көркем Телеком” компаниясының бизнесті дамыту жөніндегі директоры Арман Альмереков “Сергек” кешендерінің жұмыс ерекшеліктері, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті қорғауды жүзеге асыру кезінде полиция қызметкерлерінің бейнебақылау жүйелерін пайдалану тиімділігі туралы айтып берді.

Полиция департаментінің бастығы негізгі басымдықтар қоғаммен ашық диалог және халықтың өтініштеріне жедел ден қою, облыс тұрғындары мен қонақтарына кәсіби, білікті, консультациялық көмек көрсету болып табылатынын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру