Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысының полицейлері мал ұрыларының жолын кесті

Абай облысының полицейлері мақсатты іс-шараларды өткізу кезінде мал ұрылар тобының қылмыстық әрекетінің жолын кесіп, еркін жайылымнан мал ұрлау сериясын жасауда әшкереледі, – деп хабарлайды Polisia.kz

Өңір полицейлері Суықбұлақ ауылындағы жайылымнан мал ұрлау туралы ақпарат алып, күдіктілердің болжамды қашатын жолында аңдып отырған. Ұрланған 6 ірі қара малды ұстаудың өзі және тәркілеу Абай облысы Жарма ауданының аумағында жүргізілді.

Барлық жағдайда қылмыскерлер жануарларды алдын ала дайындалған көліктермен алып кетіп отырған. Ұрланған малдың етін, күдіктілер базарларда сатып, қаражатты жеке қажеттіліктеріне жұмсап жүрген.

Қылмыстық топтың барлық қатысушылары ұсталып, олардың көмегімен мал тасымалдаған екі автокөлік арнайы тұраққа қамалды. Қазіргі уақытта күдіктілердің басқа қылмыстарға қатыстылғы анықталып жатыр.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-1-бабы (Мал ұрлығы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру