Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция қызметкерлері мас ақмолалықтың телефонын иемденген азаматты анықтады

Полиция қызметкерлері мас ақмолалықтың телефонын иемденген азаматты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Степногорск қаласының полиция басқармасына жергілікті тұрғынның ұрлық дерегі туралы өтініші келіп түсті. Ер адам 12 шілде күні түнгі клубтардың бірінің жанында таңғы 6:00-7:00 уақыт аралығында белгісіз адам өзіне тиесілі барсетка мен ІPhone 11 маркалы телефонын ұрлап кеткенін хабарлады. Залал сомасы 300 мың теңгені құрады.

Тергеу-жедел іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол жақын ауылдардың бірінің тұрғыны болып шықты.

Белгілі болғандай, күдікті өтініш берушінің мас күйінен туындаған дәрменсіз жағдайын пайдаланып, ер адамның мүлкін ұрлап кеткен.

Полиция басқармасы бұл деректі ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша тіркеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру