Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында 12 қолайсыз отбасы ІІО-ға есепке алынды

Абай облысында 12 қолайсыз отбасы ІІО-ға есепке алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысының полицейлері 17-19 шілде аралығында «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.

Аталған іс-шара жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың, қылмыстың алдын алу, оның ішінде тәуліктің кешкі және түнгі уақытында кәмелетке толмағандардың арасындағы болатын құқық бұзушылықтың жолын кесу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтарды болдырмау.

Жедел алдын алу іс-шарасы барысында ювеналды полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандар жасаған 250-ден астам әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесті. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және күтіп-бағу жөніндегі міндеттерін орындамаған 23 заңды өкіл жауапқа тартылды. 3 кәмелетке толмаған Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. 3 жасөспірім және 12 қолайсыз отбасы анықталып, олар дереу ішкі істер органдарына есепке алынды. Рейдтік іс-шаралар барысында түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың ата-анасының еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болуының 231 фактісі анықталды.

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және жасөспірімдер қылмысының жолын кесуге бағытталған профилактикалық жұмыстарды ұйымдастыру тұрақты негізде жүргізіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру