Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Еліміздің шығысында 1300-ден астам жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Еліміздің шығысында демалыс күндері 1300-ден астам жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол жүрісі қағидаларын сақтау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіп келеді.

Өткен демалыс күндері ғана қала мен облыстың 1300-ден астам тұрғыны құқық бұзушылық жасап, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде:

– жаяу жүргіншілер 220-дан астам бұзушылыққа жол берді (ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы 1-бөлігі);
– 182 қауіпсіздік белдігін тақпай көлік жүргізуі бұзушылығы анықталды (ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы 2-бөлігі);
– 87 жүргізуші көлік құралын басқару кезінде телефон пайдаланған (ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы);
– 6 жүргізуші көлікті масаң күйде басқарғаны үшін ұсталды (ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы).
– 6 адам қарсы қозғалыс жолағына шыққаны үшін жазаланды (ҚР ӘҚБтК-нің 96-бабы 3-бөлігі).

6 тамыз күні сағат 02:45 шамасында Өскемен қаласының Жеңіс даңғылы бойында облыс орталығының 29 жастағы тұрғыны Lada көлігін масаң күйде басқарған.

Ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Аталған баптың санкциясы он бес тәулікке әкімшілік қамауға алуға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.

Сонымен қатар 4 тамыз күні полиция қызметкерлері Өскемен қаласының Ярославль көшесін патрульдеу барысында 37 жастағы қала тұрғынының басқаруындағы Nissan maxima автокөлігін тоқтатқан. Құжаттарын тексеру барысында тәртіп сақшылары одан алкогольдің өткір иісін сезген. Полицейлердің медициналық тексеруден өту туралы заңды талабынан жүргізуші бас тартқан.

Аталған құқық бұзушылық үшін жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 613-бабының 9-бөлігі (Ішкі істер (полиция), көліктік бақылау органдары қызметкерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде және Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде, әскери полиция органдары қызметкерінің талаптарын орындамау, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйін куәландырудан өтуден жалтару) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Белгілі болғандай, ер адам 2019 жылы көлік құралын басқару құқығынан айырылған. Көлік мамандырылған автотұраққа қойылып, жүргізуші жиырма бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Полиция департаменті жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға және құқық бұзушылықтарға жол бермеуге шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру