Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейі спорттық іс-шарада «Үздік сұрмерген» атанды

Мемлекеттік қызметкерлер арасында футболдан турнир өтті. Түркістан облысы, Келес аудандық полиция бөлімінің анықтаушысы Бибарыс Қанатбекұлы «Үздік сұрмерген» атанды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы әуесқой футбол лигасының ұйымдастыруымен «Қызмет лига – 2023» жарысы өткізілді. Жасыл алаңда өткен спорттық сайысқа мемлекеттік мекемелердің атынан 11 команда бақ сынасты.

Жарысқа аудан әкімдігінің экономика, білім, жер қатынастары, тұрғын үй коммуналдық бөлімі мен спорт мектебі, аурухана, «ҚазТрансГаз» филиалы қызметкерлері қатысты.

Полицейлер командасындағы Келес аудандық полиция бөлімінің анықтаушысы Бибарыс Қанатбекұлы Жүзтай 21 рет гол соғып, «Үздік сұрмерген» атанды.

Марапаттау рәсімінде әуесқой футбол лигасының директоры Ердос Туктабаев  Б.Жүзтайға арнайы кубок пен мадақтаманы салтанатты түрде табыс етті.

– Қылмыспен тиімді күресу, құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті нығайту үшін полицейлерге спортпен шұғылдану қажет, өйткені спорт төзімділік, күш пен ептілік қабілетін дамытады, – деп атап өтті үздік полицей.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру