Қызылордада патрульдік полиция қызметкерлері 163 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады
Қызылордада патрульдік полиция қызметкерлері бір тәулікте 163 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда қаласы полиция басқармасының қызметкерлері жол-көлік оқиғаларын болдырмау, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 58 бекет, 108 полиция қызметкері жұмылдырылды.
Түнгі рейд барысында 163 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде мүлдем төзбеушілік -24, жол ережесін бұзу бойынша 139 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Көлік басқару кезінде “Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес міндетті сақтандыру шартын жасасуға міндетті тұлғаның міндетті сақтандыру шартын жасаспауы” бойынша 12 әкімшілік хаттама толтырылды.
Айта кетерлігі, қызылордалық жүргізушілердің тәртіп бұзушылықтарының қатарында қауіпсіздік белдігін тақпаудың – 26, масаң күйде көлік басқару – 1, автокөлікті басқару кезінде телефон пайдалану –8, жаяу жүргіншілердің жүруіне басымдық бермеу – 11, жаяу жүргіншінің жол ережесін бұзуына қатысты 16 дерек анықталды. Қоғамдық орында масаң күйде жүрген 9 азамат, түн тыныштығын бұзу бойынша 7 дерек тіркелді.