Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысының полицейлері көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізушіні ұстады

Жетісу облысының полицейлері көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Кербұлақ ауданы жол полициясының қызметкерлері көлік құралын басқару құқығынан айырылған және мас күйінде көлік жүргізген Сарыөзек ауылының 39 жастағы тұрғынын ұстады.

Әйелдің жергілікті дәмханалардың бірінде жұмыс істейтіні және бес бала тәрбиелеп отырғаны анықталды, олардың төртеуі кәмелетке толмаған.

Ол 2020 жылы Кербұлақ аудандық сотының шешімімен 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылған. Сол кезде әкімшілік жазаға тартылған болатын. Енді құқық бұзушылықты қайталап жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Іс-әрекеттің қайталануы ҚР ҚК-нің 346-бабы (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша сараланады және ірі ақшалай айыппұл, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе шектеу түріндегі жазаны көздейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру