Павлодарлық тұрғын жол жүру ережелерін өрескел бұзғаны үшін қамауға алынды
Павлодарлық тұрғын жол жүру ережелерін өрескел бұзғаны үшін қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар полицейлері жол жүру ережелерін бұзу фактілерінің жолын кесу мақсатында тұрақты негізде рейдтік іс-шаралар өткізеді, олардың салдары ауыр болуы және апатқа әкелуі мүмкін.
Мәселен, Павлодар қаласында сағат 04:10-да Естай мен Малайсары батыр көшелерінің қиылысында полиция қызметкерлері ВАЗ-2112 автокөлігін байқап, оның жүргізушісі жол жүру ережесін бұзған.
– Жүргізуші Малайсары батыр көшесіне жолдың басқа жағына бұрылу кезінде тиісті сигнал беретін шамды жақпаған. Жүргізуші полиция қызметкерлерінің көлікті тоқтату туралы заңды талаптарын елемей, әрі қарай жүрді. Бұл ретте ЖЖЕ-ін өрескел бұза отырып: Қамзин-Геринг, Геринг-Елгин, Ресей-Геринг көшелерінің қиылысында бағдаршамның тыйым салынған сигналынан өтіп кеткен, – дейді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қылмыскер қашып құтыла алмады, жүргізушіні Павлодар қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері ұстады. Ұсталған кезде жүргізушіден алкогольдің өткір иісі шықты, бұл медициналық қорытындының нәтижелерімен расталды.
Осы бұзушылықтар үшін 22 жастағы жүргізушіге қатысты бес әкімшілік материал толтырылды: жүргізуші көлік құралын мас күйінде жүргізгені, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындамағаны, тыйым салатын бағдаршамнан өтіп кеткені, маневр жасау ережелерін бұзғаны және қауіпсіздік белбеуі тағылмағаны үшін. Материал сотта қаралды, бұзушы жүргізуші 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылды, 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды, сондай-ақ 60 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.