Шымкентте медицина мекемелерінің басшылары мен полиция қызметкерлері кездесті
Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен мүдделі мемлекеттік органдар және қаладағы медициналық мекемелердің бірінші басшыларының қатысуымен денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер, жаңалықтар, алдағы жоспарлар мен заңнамалық өзгерістер қаралды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шараға Шымкент қаласының полиция департаменті тарапынан есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Бауыржан Карбеков және аға жедел уәкіл Жанболат Жанатбекұлы қатысты.
Күн тәртібіндегі сұрақ бойынша сөз сөйлеген Бауыржан Карбеков өткен жылдары дәрілік заттардың рецептісіз босатылуына қатысты мәселені қозғап, бірқатар заң бұзушылықтардың тіркелгенін атап өтіп, қабылданған шаралар туралы баяндады. Сонымен қатар трамадолдың заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертті.
Денсаулық сақтау басқармасының, Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің жергілікті департамент басшылары денсаулық сақтау саласындағы жаңалықтар мен заңнамалық өзгерістер туралы жеткізді.
Медициналық ұйымдардың бірінші басшылары аталған өзгерістерді назарға алып, заң талаптарын ұстанып жұмыс жүргізетіндерін атап өтті.