Қостанай облысында тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарымен жұмыс істеуге арналған бөлме ашылды
Қостанай ауданында тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарымен жұмыс істеуге арналған бөлме ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл осы аймақта ашылған үшінші бөлме, қалған екеуі облыс орталығы мен Рудный қаласында жұмыс істейді. Бөлменің ашылуы «Әйелдер күші альянсы» ҮЕҰ мен Қостанай облысы ПД бастамасымен, Қостанай ауданы әкімдігінің және жергілікті қала құраушы кәсіпорындар өкілдерінің қолдауымен өтті.
Әйелдер көшбасшылары клубының Қостанай аудандық филиалының төрайымы Сауле Касымованың айтуынша, бұл бөлмеде полицейлер тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдермен және балалармен жұмыс істейтін болады.
Жәбірленушіні диалог арқылы сөзге тарту өте маңызды, сондықтан жәбірленуші қызметкерлерге толықтай сене алатындай барлық жағдай жасалған. Бөлмеде жұмсақ жиһаз, компьютерлік техника және полиция қызметкеріне арналған жұмыс орны бар. Қостанай облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Алексей Милюк сөз сөйлеп, отбасылық-тұрмыстық профилактика мәселелерінде кешенді тәсіл қажет екенін атап өтті.
Қостанай облысы ПД әйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі аға инспекторы Гүлжанат Шаяхметова отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстары тренингтер, оқыту семинарлары, сенім телефондары арқылы көмек көрсету түрінде үнемі жүргізіліп отыратынын атап өтті. Бұл іс-шаралардың барлығы зардап шеккендерді ғана емес, агрессорларды да психологиялық түзетуге бағытталған. Қостанай облысының ПД өткен жылы өңірде отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтарды тіркеу 38%-ға төмендегенін атап өтті.