Ақтауда 16 жасөспірім бейімдеу орталығына орналастырылды
Ақтауда 16 жасөспірім бейімдеу орталығына орналастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтауда 16-18 ақпан аралығында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, қылмысты болдырмау мақсатында “Түнгі қаладағы балалар” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара аясында ұйымдастырылған рейдке Маңғыстау облысы ПД ЖПҚБ қызметкерлері және қалалық ПБ ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторлары және ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлері жұмылдырылды. Сонымен қатар облыс прокурорының кәмелетке толмағандар ісі бойынша аға көмекшісі Д.Жақсылық қатысты.
Үш күнге жалғасқан шара барысында компьютерлік клубтар, ойын-сауық мекемелері, кинотеатрлар тексеріліп, бірқатар құқық бұзушылықтар анықталды.
Атап айтсақ, ҚР ӘҚБтК-тің 442-бабымен 15 әкімшілік хаттамалар жасақталып, осы кодекстің 132-бабымен 9 ата-ана жауапкершілікке тартылды.
Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 16 жасөспірім орналастырылды. Ал 61 қолайсыз отбасы мекенжайлары бойынша тексеріліп, профилактикалық әңгімелер жүргізілді.