Абай облысында полиция жүргізушіден марихуана тәркіледі
Абай облысында полиция жүргізушіден марихуана тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай облысы ПД қызметкерлері арнайы жедел-іздестіру іс-шаралары аясында есірткіні ірі көлемде сақтаған адамды ұстады. Алматы – Өскемен автожолының 850 шақырымында жедел уәкілдер патрульдік полиция ротасы қызметінің инспекторларымен бірлесіп, тыйым салынған заттарды тасымалдады деген күдік бойынша УАЗ көлік құралын тоқтатты. Полицейлер тінту жүргізді, нәтижесінде 30 жастағы жолаушының күртешесінің қалтасынан белгілі бір иісі бар қоңыр-жасыл түсті өсімдік тектес заттың қағаз бумасын тапты.
Сараптама қорытындысына сәйкес, ер адамнан алынған зат салмағы 2 келіден асатын кептірілген марихуана болып шықты.
Аталған факті ҚР ҚК-нің 296-бабы бойынша (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Болған оқиғаның барлық жағдайлары анықталуда.