Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысында ауылдық учаскелік полицей мал ұрлығының бетін ашты

Қостанай облысында ауылдық учаскелік полицей мал ұрлығының бетін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

10 наурыздан 11 наурызға қараған түні Чернигов ауылындағы бір кәсіпорынның ауласының аумағынан белгісіз адамдар құны 300 мың теңге болатын бір жарым жасар сиырды жасырын ұрлап кетті.

Жергілікті учаскелік полиция инспекторы Ғазиз Шәріпбаев қызмет көрсетілетін әкімшілік аумақты патрульдеу кезінде екі жергілікті ер адамды ұстады.

– Қылмыскерлер малды сойып, етті сатуға алып бара жатқан. Полиция қызметкері тіркемесінде ұрланған ет бар Hyundai Tucson көлігін тоқтатты. Ол ер адамдардан етті қай жерден алғандарын сұрады. Ет оларға тиесілі деген жауап күдік тудырды. Екеуін де көлікке отырғызып, учаскелік полицей ауыл тұрғындарының бірінің анасына барған кезде ол ешқашан сиыр ұстамағанын айтты, – деді Ғазиз Шәріпбаев.

Алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобы жасаған мал ұрлығы үшін күдіктіге мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.

Қостанай облысы ПД жыл басынан бері 4 мал ұрлығы ашылғанын, 12 адам ұсталғанын, оның ішінде он адамнан тұратын 2 топ ұсталғанын атап өтті

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру