Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Министрдің орынбасары ҰОС ардагерінің үйіне барып қайтты

Ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков ШҚО ПД бастығы Ерлан Омарбековпен бірге Ұлы Отан соғысының ардагері, отставкадағы ішкі істер полковнигі Құрмат Рахимовқа барып қайтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мақтаныш, ар-намыс және қадір-қасиет! Ерлік ешқашан ұмытылмайды.


– Мен бүгін сіздерге қонаққа келгеніме қуаныштымын. Біз үшін сіздің ерлігіңіз бен еңбегіңіз – әрқашан асыл мұра болып қалады. Қазақстан халқына қызмет еткен жылдарыңыз үшін алғысымды білдіремін. Полиция әрқашан азаматтардың қауіпсіздігін қорғауда және бұл жерде сіздің де орасан зор үлесіңіз бар, – деді министрдің орынбасары.

Ардагер Құрмат Рахимов жыл сайын Қазақстан полициясының аға тәлімгерлердің тәжірибесіне сүйеніп, халыққа жақын бола түскенін атап өтті.

Ардагер өзінің “Күршімде туған” авторлық кітабының негізін қалаған өмір жолының неден және қалай басталғанын есіне алып, қолтаңбасын қойып, естелік ретінде қонаққа сыйға тартты.

Айдар Сайтбеков Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі атынан ардагерге атаулы қолсағатын табыс етті.

Айта кетейік, биыл Құрмат Рахимов мерейлі 100 жасқа толды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру