Павлодар облысында су тасқынына қарсы жұмысқа 170 полиция қызметкері жұмылдырылды
Павлодар облысында су тасқынына қарсы жұмысқа 170 полиция қызметкері мен 67 қызметтік техника жұмылдырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Аудандарда полиция қызметкерлері қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізуде және эвакуацияланған елді мекендерде азаматтардың мүлкін қорғау үшін тәулік бойы кезекшілік белгіленді. Жергілікті атқарушы органдар, полиция және төтенше жағдайлар органдары су басқан объектілерден су шығару және адамдарды құтқару бойынша кешенді шаралар қабылдауда. Су тасқыны өтетін автомобиль жолдарының үш учаскесі (облыстық және аудандық маңызы бар), осы автожолдардағы қозғалыс тоқтатылған жоқ.
Павлодар облысы ПД полиция қызметкерлерімен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ететін стационарлық бекеттер орнатылды. Бұл бағыттағы жұмыс департамент басшылығының тікелей бақылауында.
– Су тасқыны кезеңіне байланысты полиция қызметкерлері тонауды болдырмау мақсатында автожолдар жабылып, су басқан үйлердің жанында қоғамдық тәртіпті күзету жүргізіліп жатқан қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасына ауыстырылды. Тұрғындарды ақпараттандыру және эвакуациялау үшін құрамына полиция қызметкерлері кіретін мониторингтік топ жұмыс істейді. Бұл топтар су басу қауіпі төнуі мүмкін ауылдағы және саяжай алаптарындағы үйлерді аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, адамдарды қауіпсіз жерге көшуге сендіре отырып, қауіп туралы ескертеді, – деп мәлімдеді Павлодар облысы ПД.