Өскеменде полицейлер жоғалған жасөспірімді іздеп тапты
Өскеменде полицейлер жоғалған жасөспірімді іздеп тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бала таңертең табылып, ата-анасына табысталды. Тәртіп сақшыларына хабарлама 6 сәуір күні кешкі уақытта келіп түскен. Жергілікті тұрғын оның кәмелет жасқа толмаған ұлы үйден велосипед тебуге шығып, оралмағанын айтқан. Өз бетімен іздеу шаралары нәтиже бермеген.
80-нен астам полиция қызметкері баланың белгілерін алғаннан кейін жасөспірім болу мүмкін жерлерді іздеп, достары мен таныстарынан сұрастырылып, алаңдар, скверлер мен саябақтар тексерілді.
Ертіс ПБ қызметкерлері таңға жуық қабылдаған шаралардың нәтижесінде жасөспірімнің орналасқан жерін анықтады. Велосипедпен шыққан бала үйден алыс кетіп, кері жолды таба алмай, көшеде түнеуге шешім қабылдағаны белгілі болды.
Қазіргі уақытта жасөспірім мен оның ата-анасымен профилактикалық әңгіме жүргізілді.
Полицейлер ата-аналарға балаларына мұқият қарауды, бос уақыттарын бақылауды және өз міндеттерін орындауға кеңес береді.