Павлодар колониясына тұтқындардың терапиясы үшін хайуанаттар бағы әкелінді
Павлодар колониясына тұтқындардың терапиясы үшін хайуанаттар бағы әкелінді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар сотталғандарына байланыс хайуанаттар бағы әкелінді. Сотталғандарға шиншилла, жанат, атжалман, хамелеон және тіпті ысқырған тарақандарға қол тигізіп, еркелетуге рұқсат етілді. Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, бұл психологиялық терапия үшін жасалады. Өйткені түзету процесінен өткендер үшін жағымды эмоциялар өте қажет.
Колонияда сотталған Н. есімді азамат бір жылдан аз уақыт жазасын ауыр бап бойынша өтеп келеді. Ер адам өзінің туыстарын, үйін, үйде қалған итін сағынатынын айтты.
– Хайуанаттар бағының келетінін білгенде мен қуандым. Мұнда кейбір адамдар ұзақ отырады, ешкімді көрмейді. Сондықтан осындай табиғат өкілдерімен қарым-қатынас орнату эмоцияларын басуға көмектеседі. Жануарлардың бәрі керемет. Біз оларды өзімізбен алып кетуді ойладық, бірақ оған рұқсат жоқ. Өте көңілді болды, – дейді Н. есімді сотталған.
Үй жануарлары терапиясы стресс және мазасыздықпен күресуде кеңінен қолданылады. Жануарлармен байланыс тыныштандыратын әсерге ие.
Кездесуде барлық ұсынылған жануарлар туралы егжей-тегжейлі айтылды. Олардың тіршілік ету ортасы, әдеттері жөнінде баяндалды. Мекеменің психологы жаңа тәжірибе – жазасын өтеушілерге оң әсер ететініне сенімді.
– Біз мұндай тәжірибенің сотталғандарға психотерапиялық әсері бар жағымды эмоцияларға ие екендігіне көз жеткіздік. Себебі мұнда сотталғандар жазасын өтеп жатыр және қоғамнан ұзақ уақыт оқшауланған, – деп түсіндірді Павлодар облысы ҚАЖД-ға қарасты №46 мекеменің психологы Гүлмира Егізбаева.
Хайуанаттар бағының директоры Виктория Карабельникованың айтуынша, кездесуде әр түрлі жастағы сотталғандар болған.
– Барлығы риза болды. Балалар қатты қуанды. Біздің бұл мекемеге баруымыз бірінші рет емес. Алдағы уақытта да келеміз. Жазасын өтеуші адамдардың ашуланбай, байсалды болуы үшін ішкі трансформацияға көмектеседі деп санаймын, – деді ол.