Жамбыл полицейлері тұрғындарды алаяқтықтың жаңа түрінен сақтандырады
Жамбыл облысының полициясы адамдардың дауысын ұқсатып салу арқылы алаяқтық қылмыстың жаңа түрі пайда болғандығын ескертеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Соңғы кезде алаяқтық шабуылдың жаңа түрі пайда болды. Онда шабуылдаушылар туыстары және достарының дауыстарына салып, ақша беруге мәжбүрлейді.
Алаяқтар мессенджерлер мен әлеуметтік желілердегі аккаунттарды бұзып, хат-хабарлардағы қолжетімді дыбыстық үлгілерді пайдаланып аккаунт иесінің дауысын жасайды және барлық чаттарға ақша жіберуді сұрайтын қысқаша дыбыстық хабарлама жібереді.
Бұл қауіпті, өйткені алаяқтар жәбірленушіні анықтаудың бірнеше тәсілдерін пайдаланады. Яғни аккаунт, дауыс және банк картасын қолдану арқылы өз ойларын жүзеге асырады. Бұл жіберуші адамға көбірек сенім тудырады.
Аталған жағдайда екі адам – дыбыстық хабарламаны алған және атынан жіберілген адам құрбан болады.
Жыл басынан бастап Жамбыл облысы полиция департаментінің қызметкерлері шоттарды бұзып, жәбірленушінің туыстары мен достарына ақша сұрап хабарлама жіберген алаяқтықтың 13 дерегін анықтады.
Алаяқтардың құрбаны болмас үшін полицейлер дыбыстық хабарламаларды тыңдағаннан кейін бірден өшіруді, барлық хат-хабарларды автоматты түрде жоюды, интернет желісіне дыбыспен бейне жібермеуді, жақын адамдарыңызбен осындай жағдайлардың алдын алу үшін құпия сөздер ойлап табуды ұсынады.
Егер сіз осындай дыбыстық немесе әдеттегі хабарламаларды туыстарыңыз бен жақындарыңыздан алсаңыз, полиция қызметкерлері алдымен басқа да байланыс құралдары арқылы хабарласуды ұсынады.
Уақытты жіберіп аламын деп қорықпаңыз, сәл кідіріп, сақтанғаныңыз дұрыс. Әлеуметтік желілердегі деректерді жасырып ұстаңыз, дауыс үлгілеріне және достар тізіміне бөгде адамдардың кіруін шектеңіз. Мұндай сақтық әрекеттеріңіз алаяқтардың қулықтарына түсіп қалу қаупінің алдын алуға көмектеседі.