Ақмола облысында полиция мас күйде көлік тізгіндеген жүргізушілерді ұстады
Ақмола облысында полиция мас күйде көлік тізгіндеген жүргізушілерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақмола облысында екі жүргізуші мас күйінде ұсталды, олардың бірі ЖКО жасады. Екі жүргізушіні де бұрын мас күйінде автокөлік құралдарын басқарғаны үшін сот жүргізуші куәлігінен айырғаны анықталды.
Бірінші факт 6 қыркүйекте Ерейментау ауданының аумағында тіркелді. Жергілікті тұрғынның басқаруындағы Chevrolet Cobalt жүргізушісін полиция қызметкерлері тоқтатты, өйткені көлік жүргізу тәсілі полицейлерге жүргізуші мас күйде деген болжам тудырды.
Құжаттарды тексеру кезінде автокөлік жүргізушісі 2023 жылы ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Сонымен қатар медициналық куәландыру нәтижелері ер адамның ауыр дәрежеде мас болғанын көрсетті. Осыған ұқсас факт, бірақ ауыр зардаптармен 8 қыркүйекте Жарқайың ауданында болды, онда Volkswagen Passat көлігінің жүргізушісі 2022 жылы 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылғанына қарамастан, рөлге отырды және ЖКО жасады. Түнгі уақытта күдікті мас күйде Hyundai Accent көлігімен соқтығысқан.
Екі факті бойынша да сотқа дейінгі тергеу басталды.