СҚО бойынша ҚАЖД қызметкерлері 100-ден астам ардагерді мерекемен құттықтады
СҚО бойынша ҚАЖД қызметкерлері 100-ден астам ардагерді мерекемен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарттар күні қарсаңында СҚО бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкерлері ардагерлер Кеңесімен бірлесіп қылмыстық-атқару жүйесінің 100-ден астам ардагерін құттықтады.
Қазіргі уақытта департаменттің ардагерлер ұйымы 570 ардагерді біріктіреді. Мереке қарсаңында тәртіп сақшылары олардың 105-ін құттықтап, тұрғылықты жеріне барып, естелік сыйлықтарды табыстады, сондай-ақ материалдық көмек көрсетті.
Департамент қызметкерлері жыл сайын ардагерлер мен зейнеткерлерге көп жылдық адал еңбегі мен жас ұрпақты тәрбиелеуге қосқан баға жетпес үлесі үшін көңіл бөлуге арналған іс-шаралар өткізуді дәстүрге айналдырды.
Ерекше назар ең қарт ардагер Людмила Терещенкоға аударылды. Биыл ол 94 жасқа толды, оның 30-ын ЕС-164/3 мекемесінде жұмыс істеуге арнады. Людмила Петровна еңбек сіңірген демалысына 1990 жылы жоспарлау-экономикалық бөлімінің бастығы лауазымынан шықты.
Сонымен қатар қызметкерлер ішкі істер органдарында 24 жыл жұмыс істеп, қызметін ЕС– 164/9 мекемесінің колония бастығының кезекші көмекшісі ретінде тәмәмдаған Қабдеш Қасеновке барды. Кейін ол жалдамалы қызметкер ретінде мекеме аумағында орналасқан РМК-ның қосалқы шаруашылығында шебер болып жұмыс істеуді жалғастырды. Қазіргі уақытта ардагер барлық уақытын сегіз немеренің тәрбиесіне арнайды.
Қызметкерлер Қабдеш Қабжанұлына отбасылық әулетін жалғастыра отырып, №52мекемеде сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік – психологиялық жұмыс жөніндегі топтың инспекторы ретінде қызмет атқарып жатқан қызы Қанағатты тәрбиелегені үшін алғысын білдірді.
Қарттар күніне арналған іс-шаралар жыл сайын ішкі істер органдары қызметкерлерінің аға буынына, өз тәлімгерлеріне, тәжірибе мен жұмыстың қыр-сырын жеткізгендерге құрмет, көңіл бөлу және алғыс ретінде өткізіледі. Бұл мереке – ұрпақтар бірлігінің, сабақтастығының және уақыт байланысының символы.