Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елорда тұрғыны азаматтарды миллиондаған ақшаға алдады

Елорда тұрғыны азаматтарды миллиондаған ақшаға алдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

30 жастағы астаналық азаматша Instagram әлеуметтік желісінде парақшасын жүргізу арқылы инвестицияда көмек көрсету сылтауымен азаматтарға қаржылық схемаларға қатысу арқылы ақшаларын екі есеге арттыруға уәде берген. Қызметі үшін ол алдын-ала төлемді сұраған, бірақ ақшаны алғаннан кейін ол өз міндеттемелерін орындамай жоғалып кеткен.

Осылайша елорданың 44 жастағы тұрғыны алаяққа сеніп, 6 миллион теңге көлемінде ақшасын берген, содан кейін қаскүнем байланысқа шығуды тоқтатқан.

“Учаске” жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында “Есіл” ауданы ПБ қызметкерлері әйелдің алаяқтықтың ұқсас 17 эпизодына қатысы барын анықтады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды және оның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция азаматтарды интернетте белгісіз адамдармен қарым-қатынас жасағанда, әсіресе қаржылық операциялар мен мәмілелерді жүзеге асыруда қырағы және сақ болуға шақырады. Күмәнді сатушылар мен әлеуметтік медиа қызметтеріне сенбеңіз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру