Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда абаттандыру ережелерін бұзған кондитерлік цех иесіне айыппұл салынды

Абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін кондитерлік цехтың әкімшілігіне айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда елді мекендердің аумақтарын абаттандыру мен көгалдандыруға бағытталған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында халық арасында экологиялық мәдениетті дамыту шаралары жалғасуда.

Оның негізгі мақсаты – халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, қоршаған ортаға қамқорлық құндылықтарын дамыту.

Мониторинг барысында полиция қызметкерлері кондитерлік цех әкімшілігінің қаланы абаттандыру ережесін бұзу дерегін анықтады.

ҚР ӘҚбК-нің 505-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды.

– Заңсыз қоқыс шығару мәселесіне мұндай көңіл бөлу аймақтың экологиясын сақтаудағы бірлескен күш-жігердің маңыздылығын көрсетеді. Табиғатты қорғау полициясы азаматтарды жауапкершілікті арттыруға және қалдықтарды шығару ережелерін сақтауға шақырады, өйткені жер шарымыздың тазалығы мен денсаулығы әрқайсымызға байланысты, – деді Медеу аудандық ПБ.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы мен «Алматы – ортақ үйіміз» қалалық науқаны аясында «Жарқын күз» науқаны басталған болатын.

Ол 18 қазаннан бастап 24 қазанға дейін жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру