Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында сотталғандарға арналған танымдық кеш ұйымдастырылды

Абай облысындағы аралас қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеушілер үшін ұлттық мәдениет пен дәстүрге негізделген ерекше танымдық кеш өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл іс-шараның мақсаты – сотталғандарға рухани демеу беру және олардың қоғаммен байланысын нығайту болды. Кешке Семей қалалық мәдениет үйінің ұжымы концерттік бағдарламамен келіп, көрермендерге заманауи шығармалар мен дәстүрлі әндер, сондай-ақ саз аспаптарында орындалған әуендер ұсынды.

Әртістердің өнері мекеме тұрғындарының көңілін көтеріп, ерекше әсер қалдырды. Сахнадағы өнерпаздардың шеберлігі мен бағдарламаның мазмұнына риза болған сотталғандар шынайы алғыстарын білдірді.

– Сотталғандардың рухани байып, саналы болуы – маңызды мәселе. Осындай іс-шаралар олардың ішкі жан дүниесін байытып, құндылықтарды бойларына сіңіруге көмектеседі, – деп атап өтті мекеме бастығының орынбасары Айдын Калелов.

Сотталғандардың бірі де өз әсерімен бөлісіп, былай деді: «Бүгінгі күн мен үшін ерекше қуанышты болды. Қылмыс жасап, жазамды өтеп жатқаныма биыл бесінші жыл. Кеш бойы өзімді бостандыққа шыққандай сезініп, жүрегіме қуаныш ұялады».

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру