Алматыда сотталғандар дәрігерлік тексеруден өтті
Алматыда сотталғандар дәрігерлік тексеруден өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қаласы бойынша ҚАЖД-ның №72 мекемесі – 1360 адамға арналып, әлемдік стандартқа сай салынған мекеме. Сонымен қатар мұнда 60-қа жуық шаруашылық қызметіндегі сотталған жазаларын өтейді. Тұтқындар мен сотталғандардың денсаулығын қадағалау, диагноз қою және емдеу жұмыстарын ұйымдастыруда қыруар шаруа атқарылады. Мекеменің медицина қызметі аумақтық жағынан 24-емханамен және 4-қалалық клиникалық ауруханамен бірлесіп жұмыс істейді.
Жақында аталған мекемеде шаруашылық жасағындағы жазасын өтеушілерді профилактикалық тексеру жұмыстары жүзеге асырылды.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2018 жылғы № 174 бұйрығының талаптарына сәйкес жүргізілген профилактикалық тексеру жұмыстарына №24 қалалық клиникалық емханасының басшысы Г.Маякова, емдеу-профилактикалық жұмыс жөніндегі орынбасары М.Алиева және №72 мекемедегі медициналық бөлімнің меңгерушісі Д.Нурдинова және акушер-гинеколог, психиатр, хирург, дермотолог, лор және травматолог дәрігерлер қатысты.
Тексеру барысында сотталғандар арасында обыр және созылмалы басқа да аурулардың алдын алу мақсатымен ультрадыбыстық-зерттеулерден өткізу жұмыстары ұйымдастырылды.