Түркістан облысында әріптесінің көлігін заңсыз айдап кеткен тұрғын ұсталды
Түркістан облысында әріптесінің көлігін заңсыз айдап кеткен тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысы Келес ауданының полиция қызметкерлері құны 2 миллион теңге тұратын Audi автокөлігін заңсыз айдап кеткен 36 жастағы ер адамды ұстады.
Тергеу барысында анықталғандай, күдікті мен жәбірленушінің арасында түсінбеушілік орын алған. Содан өш алу мақсатында ол автотұрақта тұрған әріптесінің көлігін діттеген жеріне айдап кеткен.
Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде ұрланған көлікті Шымкент қаласынан тауып, заңды иесіне қайтарды.
Қазіргі таңда ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.