Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысы ПД бастығы нәзік жанды сақшылармен кездесті

Павлодар облысы ПД бастығы нәзік жанды сақшылармен кездесті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Көктемнің тамаша мерекесі қарсаңында облыстық полиция ведомствосының бастығы Василий Скляр дөңгелек үстелде нәзік жандылармен кездесіп, олардың болашақ ұрпақты тәрбиелеудегі ерекше рөлін атап өтті.

Шақырылғандардың қатарында ішкі істер органдарының ардагерлері, полицияның әрбір адал қызметі, қызметте ғана емес, спортта да ерекшеленген және еңбегі назардан тыс қалмаған полиция қызметкерлері мен фельдшер бар.

– Сіздер бұл әлемге үйлесімділік, нәзіктік, сұлулық және ең күшті, таза, риясыз сезім - сөзсіз ана махаббатын әкелесіздер. Жоғары ұйымшылдық пен кәсіпқойлықты көрсете отырып, Сіздер ер адамдармен тең дәрежеде табысты еңбек етудесіздер және Отанымыздың игілігі үшін еңбек етуді жалғастырудасыздар. Күрделі міндеттерді орындау және кәсіби жетістіктерге жету әйелдердің сүйкімділігін сақтай отырып, қамқор әйел мен ана болып қалуға кедергі болмайды, - деп атап өтті полиция департаментінің басшысы.

Сондай-ақ спорттағы жетістіктерімен полицияның дамуы мен беделіне үлес қосатын ардагерлер мен қызметкерлердің даналығы мен кеңестері үшін алғысын білдірді.

Жиында полицейлер ескі жылдардағы естеліктерімен және қызықты өмірге толы халыққа қызмет етуге арналған оқиғаларымен бөлісті. Өзекті мәселелерді талқылап, қызметтік қызметті жақсарту жөнінде ұсыныстарды енгізді.

- Мұндай жылы кездесулер әрқашан көңіл-күйді көтереді. Біз туралы ұмытпағандары, барлық салтанатты іс-шараларға, осындай кездесулерге шақырылғанымыз өте жақсы болды, онда біз генералмен күнделікті өмір туралы еске түсіріп, сөйлесе аламыз, - деп отставкадағы ІІО ардагері Баян Мағзұмова біздің генералға зор алғысын білдірді.

Соңында ведомство басшысы әйелдер жанның айнасын, мінезі мен менталитетін бейнелейтінін, нәзік қонақтарға раушан гүл шоқтары мен көктемгі көңіл-күй сыйлағанын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру